Сүйе білсең – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сүйе білсең» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1030
Сүйе білсең,
Сүйсіндіре білер ем.
Сен жымисаң,
Балаша мәз күлер ем.
Сыйлай білсең,
Көтерер ем төбеме,
Көз жұмғанша
Қадір тұтып жүрер ем.
Жанар болсаң,
Болар едім жалынын,
Шуақ болсаң,
Болар едім сағымың.
Болар едім
Жайқалған бәйшешегі
Нұр алған бір
Көңілің жаз шағының.
Амалым не,
Ашылмады боранын,
Түтегіңе
Адасқандай боламын.
Аязыңнан
Ақ жанымды қарыған
Әлі күнге
Қалтыраймын, тоңамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйе білсең өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сүйе білсең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйе білсең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйе білсең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері