Мұң шағамын Абайға – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Мұң шағамын Абайға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 619
Ұлы баба, мен сізге мұң шағамын
Өлең сөздің сындырдық мұнша сағын.
Сөз патшасы сіз қойған түсер менде
Қайтсын ақша патша боп бұзса тағын.
Жыр тыңдауға құлықты бұрын зерек
Дейтін болды бүгін жыр кімге керек?
Құлақ біткен нарық деп жар сап жүріп,
Сыңғырынан доллардың тұнса керек.
Кеше ағалар көтерген қара шаңырақ
Қалт-құлт етіп әзірге тұр қаңырап.
Жазушылар үйі еді бүгін жалгер
Үйі болып күңірентіп тұр аруақ.
Жауапкерлер жауаптан қашып кетті
Қай мұхитты білмейміз асып кетті.
Жазушылар — бүгінгі азушылар
Деген гәптер еңсені басып кетті.
Кеңесу жоқ сөз етіп халімізді
Біреу бағып жатқандай малымызды
Өтпелі шақ бір өтер мұңайма деп
Жұбатамыз біріміз-бірімізді.
Қаламгерлер үйі еді әп-әдемі
Әлі күнге бітпей-ақ қойды әлегі.
Бұлғалақ іс, бұлдыр сөз бұлаққа аққан
Жазушылар үшін жоқ еш көмегі.
Ұлы баба, осындай сыңай болды,
Саудагерлер ұйысып құдай болды.
Ел тағдырын шешкен сөз ер тағдырын
Босағада көз сүзген құмай болды.
Өнер алды болған сол сөз үрдісі
Бас жармаса, тас жарар болған күші.
Жаңғағымен нарықтың жараса алмай
Түр сынарман сырқырап азу тісі.

06.07.1994 жыя.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұң шағамын Абайға өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Мұң шағамын Абайға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұң шағамын Абайға өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мұң шағамын Абайға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері