Миллион жылдар елестеп

Бұл бетте «Миллион жылдар елестеп» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 650
Әулие Бекет мешіті
Үш жүзге жуық шақырым.
Бір түнеп қайтпақ ойы бар
"Әуейі-ақын" пақырың.
Жол ауыр, елсіз, ен дала,
"Аллалап" іштей, жасырын.
Ұшпадан жүрек сескенсе
Қояды қысып тақымын.
Қинала көлік күшеніп
Іздейді жолдың тақымын.
Кібіртік қағып, тулап ап,
Жол ұтар жылжып ақырын.
"Шақпақты" деген қия-құз
Сынайды жігіт батырын.
Санада сансыз ой туып,
Шақырып сонда жатыр үн.
Аңғарлар ашып аранын —
Ғасырлап жұтқан мезгілді.
Сәукеле төбе сұқтанса —
Сүйсіне сәнге көз күлді.
Пішіні дала сәт сайын
Қақтыра таңдай өзгерді.
Қара тау, ақ шың, құм, сор, сай,
Бәрі де бізге кез келді.
Толғанта алмас бұл сезім,
Сезімнен жаны безгенді.
Мейірлі қазақ даласы,
Жатсынбас дала кезгенді.
Бауырға басар жат көрмей,
Ыстыққа, суық төзгенді.
Қазақтың қандай екенін
Бағалар әділ безбенді.
Таңбалар тұнған жартаста,
Құйын боп ойда елес тек.
Секунтқа сыйып зырлайды,
Миллион жылдар елестеп.
Сұлу-ау Ақтау әжіммен,
Өрнегін салған жел ме екен?
Қаратау қартың еңсесіз,
Мүжіген қайғы, шер ме екен?
Аңғар-сай анау, жер жарған
Арқырай соққан сел ме екен?
Аңыздан аспан жаралған,
Жаттайды бәрін "ел-көсем".
"Меңіреу болса ен далаң Күнәлі өзің" —
Сен де сен. Жайнайды дала тер төгіп,
Күректен шошып безбесең.
От пенен оққа шыдаған,
Айналдым сенен Жер-мекен!
Періште ойы осы сөз,
Нанбашы айтқан мен десем.
Әлемді шарлай із салған,
Қайран да менің бабам-ай!
Көшпелі десе арланған,
Мәңүрт боп туған балаң-ай!
Өшірмек болған атыңды,
Қатыгез қандай заман-ай!
Заманды күнде құбылтқан
Мінезің түлкі Адам-ай!
Адастың қырын, кер кетіп
Бағытқа баспай қадам-ай!
Орнатса шіркін бір белгі
Қазағың, бабам, саған-ай!
Бауырды баспай бауырға,
Қайтейін сені санам-ай!
Ұмтылмай қойдың бірлікке
Қайран да менің бабам-ай!
Ен далам менің, шексізім,
Белестен кейін белес тек.
Бабамның әрбір күмбезі,
Таж-Мақал сынды елестеп.
Ертеңгі күнің не болмақ,
Ата мен іні егессек.
Сыйламай өтсең ағаңды,
Дұшпаның сырттан не деспек.
Күлтөбе басы, шіркін-ай,
"Ел қамы" десіп кеңессек.
Бір жеңнен қол шығарып,
Қарындас қамын жеп өссек.
Мақтансақ соған ағайын!
Шаттансақ соған қарындас!
"Мен қазақ" деген халықтың,
Айдардан аңқып жел еспек!

7.10.2004 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Миллион жылдар елестеп өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Миллион жылдар елестеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Миллион жылдар елестеп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Миллион жылдар елестеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері