Пілді де біреу піл дейді-ау

Бұл бетте «Пілді де біреу піл дейді-ау» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1761
Пілді де біреу піл дейді-ау
Мынау жалған дүниеден
Жаратқанның күшімен,
Құдіреттің ісімен,
Екі пілден салмақты,
Үш піліңнен қайратты,
Алты пілден айбатты,
Зіл өткенін білмейді-ау!
Ескінің сөзін жаттаған,
Ел-жұрттың жадын сақтаған,
Замандас сөзін хаттаған,
Ұйқассыз сөзді айтпаған,
Сусынан сұлтан қайтпаған,
Әділет жолын сақтаған,
Жиналса халық алқалап,
Ел-жұрттың мұңын арқалап,
Тыңдайтын тыңып шартарап,
Ақының шықса ортаға
Сол кезде шерің тарқар-ақ.
Қашаннан халық желікпе
Тентекке ерер дүрліксе,
Сол кезде шындық жағында
Ақын ба елден сыр бүксе.
Жүрегін жарып көрсетер
Шақырып жұртын бірлікке,
Содан да болар шетінен
Ақындар сыймай тірлікке,
Әттең деп өтер өмірден
Арманын ешкім білмейді-ау!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пілді де біреу піл дейді-ау өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Пілді де біреу піл дейді-ау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пілді де біреу піл дейді-ау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пілді де біреу піл дейді-ау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері