Мен Сайынмын ғой – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Мен Сайынмын ғой» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.04.2021
  • 0
  • 0
  • 776
Апырым-ай!
Неге мені мына жұрт елемейді?
Дейтін кісің мен емес ие, мейлі
Бетін ашып алалық мәселенің,
Болсын анық түсінік, түбегейлі!
Танымадың сен, інім, мені қалай?
Жетектегем, арқалап сені талай.
Мінгестіргем қалдырмай жолда жаяу,
Аралатқам тау мен тас, еліңді ұдай.
Айтып ем ғой, ақынмын, ағаңмын деп!
Уәде еткем, сел болып ағармын деп!
Бір жұлдыздай өзімді жақпақ болғам,
Жана алмадым жұлдыздай, ағардым тек!
Ойлар талай кетті де қайта келді,
Шатастырды, талай жан сайтан өңді.
Тура жолдан адастым, көп кешіктім,
Кешіріңдер деймін де, қайтем енді.
Мен ағаңмын ғой!..
Жан-тәнімдей, жеткіншек, сүйіп едім!
Тыңда, менде ойнайды күйі ненің?
Іні қамы — ел қамы, болашағың,
Жан жарасы, жазылмас күйік едің?!
Болашағым деп едім, көкте күнім!
Өткен талай көз ілмей текке түнім.
Сағынышпен сарғайды талай жылдар,
Тағдыр, саған кей-кейде өкпелімін.
Алыстаттың, ей тағдыр, арманымнан,
Үзіп бердің жалғанның жалғанынан.
Өкпелімін... Адамды "адам" деген,
Қазағыма дәм жаздың қалғанынан...
Мен ініңмін ғой!
Қолыңда өскем, қалайша ұмыттыңдар?
Өздеріңмен оянған үміт, мұңдар.
Мінезімен біріңнің жерге кірсем,
Ал біреуі — асқарым, шабыт шыңдар.
Талай барғам алдыңа ақыл сұрап!
Еліктедім, сүйдім де жақынсырап.
Ағалар-ау, кемсітпе інілерді,
Қуат берші, деші тек "мақұл, шырақ!".
Жарасады ағаға жөн сілтеген,
Сөкпе оны, тіпті ойы, болсын төмен,
Іні деген еліңнің болашағы,
Мен жас жанға ешқашан қол сілтемен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен Сайынмын ғой өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Мен Сайынмын ғой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен Сайынмын ғой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен Сайынмын ғой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері