Айлы түндегі ой – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Айлы түндегі ой» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1503
Мұнартады, ай, әлде неге жабыққан,
Мейір жетпей Жер-ана да тарыққан.
Толтыра алмай кенеріне Каспийді
Еділ, Жайық - екі жақта қамыққан.
Тарыққанмен Жер-Анасын тастамай
Гүлдеп тұр ғой адыраспан, қасқам-ай.
Изен, жусан тас бауырдан нәр алса,
Не іздейсің, орнында ғой аспан, ай.
Өсіріп ең ұлдарыңды жасқамай,
Содан, солар бас имеген басқаға-ай.
Абылдар мен Қашағанды тудырған
Айтшы кәне, атын жердің басқа, қай…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері