Ұйқысыз түн
- 0
- 0
Кілт өзгеріп, күн бата, жаратылыс,
Тапқандай ма, аз дамыл, дала тыныш.
(Табиғаттан тыс туған құбылыстай,
Бұ не ғажап, алмайды қала тыныс).
Бұл бетте «Өмірдің сұрағы» атты Автор өзім жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кілт өзгеріп, күн бата, жаратылыс,
Тапқандай ма, аз дамыл, дала тыныш.
(Табиғаттан тыс туған құбылыстай,
Бұ не ғажап, алмайды қала тыныс).
Таң мезгілі, әуелден, жырға қанық,
Ажарланар таң нұрмен сырлап алып.
Найза шыңдар, тәкәппар, оқшырайған,
Ақ қалпағын көкпеңбек нұрға малып.
"Жер-Шар" атты капитансыз кеменің
Жолаушысы алаңғасар неменің: —
Ей адамдар! Сіздерменен дұрыстап
Ақ жарылып бір сырлассам деп едім.
Адам ата алғаш қадам басқалы,
Меншігінде Күні де, Жер, Аспаны.
Содан бері ізгілік пен жауыздық,
Өз таңбасын тарих қып тастады.
Денім сау ма, япырмай, денім сау ма?
Ойға келмес нәрсе ғой денің сауда.
Қара бастың қамымен қажымағам,
Бақытты едім — жұрт аман, елім сауда.
Модератор
Автор деген жерін бос қалдырып, авторы өзім деген жазуды басу керек.