Адалмын деп, араммын деп айта алман – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Адалмын деп, араммын деп айта алман» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.04.2015
  • 1
  • 5
  • 31387
Адалмын деп, араммын деп айта алман,
Адалдықпен бірге ойладым, бір күлдім.
Арамдықтын, кемесінде шайқалған,
Тектек болған тайыншадай ділгірдім.
Адалсың деп көңілімді көпсітпе,
Адалдықты ала келгем анамнан.
Арамсың деп өмірімді өксітпе,
Жұмыр басты пенде болып жаралғам...
Адалдығым, арамдығым байқалған,
Жырым менің - сырым менің - шар айна.
Адалмын деп, араммын деп айта алман,
Сен сұрама, жарай ма?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (5)

Ani

✊✊✊

Бірғаным

Мұкағали атамыздың өлендері катты ұнайды әсіресе Бүгін менің туған күнім

Неизвестный

Маған Мұқағали Мақатаев атамыздың "Поэзия менімен егіз бе едің" "Бүгін менің туған күнім" және де "Есіңе мені алғайсың " ұнайды. Негізі бәрі ұнайды. Бұл өте қатты ұнайтындары.

Вау проста бомба

Вау проста бомба

Осы автордың басқа өлеңдері