Адамзаттың ұрпағы – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Адамзаттың ұрпағы» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.04.2015
  • 1
  • 6
  • 27598
Дәл осы көшеменен кім жүреді,
Он жылдар, жүз жыл өтер, кім біледі.
Оны тек сол шақтағы күн біледі!
Оны тек сол кездегі түн біледі.
Бұлардың уақытпен бір жүрегі.
Кім салқындап отырар мына бақта?
Ойын-сауық ана жақ, мына жақта.
Сонда қалай?
Осы бақ орынында,
Адамдар алма-кезек құламақ па!?
Талай тарлан жақсыдан тірі адастым.
Мен сенен мәңгілікті сұрамаспын.
He айтам саған, табиғат, адамдарға,
Қимадың ғой өмірін бір ағаштың.
Адам байғұс жер бетін жасандырып,
Жасамайды өзіңе асау қылық,
Тек ескерткіш орнатар өздеріне,
Тау-тасты тыным алмай қашап жүріп.
Талай нөсер төгілер, болар жасын,
Алапат күн әйтеуір жол алмасын.
Мына нұрлы өмірге тірек болған,
Адамзаттың ұрпағы жоғалмасын!


Пікірлер (6)

Ұлжан

Оте керемет.рахмет сіздерге

Асыл

КЕРЕМЕТ ӨЛЕН

Kasen Alida

Ote tamacha

Сабира

Өте тамаша өлең!!!

Айбек

Өте керемет❤️

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адамзаттың ұрпағы өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Адамзаттың ұрпағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адамзаттың ұрпағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адамзаттың ұрпағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері