Қаршыға алып – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қаршыға алып» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1075
Жылқы айдаймын көшкенде, ай, қаршыға алып,
Тал құрығын қолыма, ай, аршып алып.
Тұсынан қызды ауылдың ән шырқатып,

Ей!
Бір тал үкі шекеме шаншып алып, ай.
Ау! А, ай! Ау!
Қаршыға алып, ай.

Жылқы айдаймын көшкенде кер кекілмен,
Ауық-ауық аймалап жел бетімнен.
Шырқата көш-жөнекей ән салғанда,
Қыздың жаны шаттанып тербетілген.

Жылқы айдаймын көшкенде жиренменен,
Жал-құйрығын жаратып түйгенменен.
Кісіге кісі жары жар болмайды,
Құрбысынып, құр ойнап күлгенменен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері