Әже сен бірге жүрсің меніменен
Бұл бетте «Әже сен бірге жүрсің меніменен» атты Мұқағали Мақатаев жазған әже туралы өлең берілген.
Әже сен бірге жүрсің меніменен
Өліге мен өзіңді телімегем
Ақ кимешек көрген бір кемпір көрсем
Ақ кимешек астынан сені көрем
Өңі, түсі өзіңнен бір аумайды
Немересін ертпесе жүре алмайды
Таныс дауыс, таныс сөз, таныс мәсі
Көзіме оттай басылып алаулайды
Аппақтығы ұқсайды әрінің де
Әжімің де аумайды, тәлімің де
Әлемдегі әженің бәрі бір ме
Әже сен тірі екенсің әлі күнге
Қия өтпейді, ұқсайды ізеті де
( Ізетсізді бұларда күзетуде )
Бұларда бабасынан алып қалған
Өз жұртының дәстүрін күзетуде
Әже сен бірге жүрсің меніменен
Өліге мен өзіңді телімегем
Ақ кимешек көрінсе сені көрем
Ақ кимешек жоғалса нені көрем
Мұқағали Мақатаевтың Әже сен бірге жүрсің меніменен өлеңі керемет
Норм
Керемет
Өте тамаша
Өте керемет ????
гдз жок екен енді көшіріп алайн
Өте керемет
Өте әдемі және терең мағыналы
Ұш
Өте керемет!!
Ақ жаулықты әжелер аман болсын
Мұқағали Мақатаевтың "Әже сен бірге жүрсің меніменен" өлеңі – қазақ лирикасындағы әже бейнесіне арналған ең әсерлі туындылардың бірі.
Өте өте керемет маған қатты ұнады♥🌹💋🥰
Өте өте керемет маған қатты ұнады♥🌹💋🥰
Өте күшті
Керемет 👍👍👍
Керемет👍👍👍
Бұл олен оте асерлф мен ушын кушты демде жаттап алдым 1 минутта