Ауановтың намысқойлығы – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Ауановтың намысқойлығы» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1789
Апар - топыр Ауанов келеді,
Күнде бір қиқу "жау " алып келеді.
Мысқылдап күліп, кекете сөйлеп,
Өзімен бірге дау алып келеді.
Сөзінің бәрі кекесін келеді,
Желбезегі мен шекесі күледі.
"Жарықтық, үрпек бас!" "Әй, тері жаға!.."
Осындай сөздің неше береді.
"Көгенсіз, жүгенсіз, әкеңнің мазары!.. "
Оған көнбесең төтесін береді.
Жауап қайырсаң, "шығып тұр " дейді,
"Аузыңды ашпай, жұмып тұр"дейді,
"Сен кетпесең, мен кеттім!" деп,
Оқушыларға ырық бермейді.
Папкасын алып, кепкен соң киіп,
Артына бір-ақ қолын сермейді.
Жалынып-жалбарынып алып келмесең,
Намысқой жігіт қайта келмейді.
Лажын тауып уақыт өткізіп,
"Сағатында он сом ақша бер", дейді.
"Сынақ кезінде үйіме кел " дейді.
"Нашар " ешкім іліне бермейді.
"Отлично, хорошо, удқа " бір соғып,
Оған оқушы түңіле көрмейді.
Сұраудан сұрау судай ағады,
Сәл білмей қалсаң айқайын салады.
Кекете күліп, кесірлік іздеп,
Класқа жалғыз алып та қалады.
Бейауыз, бейпіл берекесі жоқ,
Кемімей күн - күн ұласып барады.
Оқу бөлімі білсе де білмей,
Қылмысты қылығын дұрысқа санады.
Ұлы мейрамда сыйлыққа ілінді,
Жаман қылығы пайдаға жарады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауановтың намысқойлығы өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Ауановтың намысқойлығы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауановтың намысқойлығы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауановтың намысқойлығы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері