Тәңір сені жаратпаған пенде етіп – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Тәңір сені жаратпаған пенде етіп» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 667
Тәңір сені жаратпаған пенде етіп,
Тірлігіңде көп кездесті кем-кетік.
Көз аңғары зіл тартады құдайдың,
Қойғаны әттең қойыртпаққа шөлдетіп.
Асық жатыр арманыңды айғақтап,
Бір-ақ түнде жетесің ғой айға аттап.
Бір-ақ сәтте күл-парша боп күйрейсің,
Пейіліңнің өтеуі бұл қайда әппақ?
Сөз сөйлеуге жарамадық жұмбақтап,
Ән салды інің: «... құйрық-жалсыз ...»
Тым қатты-ақ ...
Қасіретті жүрегіңе сіңдіріп,
Қобызыңды қойыпсың ғой құндақтап.
Қалжыңдадың, езу тартты зайыбың,
Ниетімен жуатындай «айыбын».
Күлкісінде бары да анық шер-нала.
Жасырғанмен сырт көздерден уайымын.
Күшігендей шоңқимашы шөмиіп,
Түзде қалған тынбайды ұлып көңіл ит.
Қарқара кеп қосылады жан, бәтір,
Талағыңда болмаған-ау тегі бит.
Босағаңа барып талай бата үйдік,
Танытпады тәңір бірақ сақилық.
Құдай – жалғыз ...
Сен – жердегі құдайсың ...
Бұтақ бермей, ғұмыр берді бақилық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәңір сені жаратпаған пенде етіп өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Тәңір сені жаратпаған пенде етіп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тәңір сені жаратпаған пенде етіп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тәңір сені жаратпаған пенде етіп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері