Бұл бетте «Асқар тауым» атты Оралбекова Дильназ Дауренқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Асқар тауым әкешім-ардақтымсың,
Кең пейілді жақын жаным,бақытымсың
Алтыннан да кымбытты маған болған,
Мың алғыс,сүйенерім әке саған.
Айтып отырар сіз секілді ақылды,
Арасында ұрсып алар адамды.
Еш жерден де,еш маңнан да таппаспын,
Себебі сіз,дара жансыз байсалды.
Шенді емес,бізді әркез ойлайтын,
Жұмысын да тек біз үшін жасайтын,
Сөзін елдің мүлде жерге қалдырмай,
Көңіліне адамның әркез қарайтын,
Қолдау беріп,біздерге жол сілтейтін,
Мақсатына адал жолмен жететін.
Бізде ғана осындай бар,қамқоршы
Әр кез бізді қолдап,қорғап жүретін.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі