Тұманбай Молдағалиевқа

Бұл бетте «Тұманбай Молдағалиевқа» атты Жарасқан Әбдіраш жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жиырмасында «Жетіммін!» деп жылаған,
«жыладың» деп талай сыншы сынаған...
Отызда да «Жетіммін!» деп жылаған,
ол кезде де талай сыншы сынаған...
Қырықта да «Жетіммін!» деп жылаған,
«қойсаңшы» деп талай сыншы сынаған...
«Ақ Волгамен» аңыратып жүрсе де,
«Жетілдім!» деп айтпай қойды-ау Тұмағаң.
Аға болып ақыл қосқан ақылға,
Тұмағаңды тағы көрдім жақында...
«Жетіммін!» деп айтады екен, апыр-ай,
Әбділдадай әкесі бар ақын да!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері