Аңсадым сені
Бұл бетте «Аңсадым сені» атты Жарасқан Әбдіраш жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Элегия)
Күндері жарқын,
Түндері алтын,
Жаз қайда?
Кей уақта жаным,
Бейуақта жаным,
Жүрегің сенің
Сыздай ма?
А-А-А-Ау,
Жаз қайда жаным,
Жаз қайда?
Көруге қайтып
Жазбай ма?
Қоңыр күз келді,
Өмір біздерді,
Шаршатты.
Шаршадым жаным,
Аңсадым жаным,
Сонау бір шақты…
Сол шақты.
А-А-А-Ау,
Сол бір шақ қайда,
Сол бір шақ?
Тұмадай тұнық
Мөлдір шақ!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі