Қабдеш Жұмаділовке
Бұл бетте «Қабдеш Жұмаділовке» атты Жарасқан Әбдіраш жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бала кезден жанкешті,
біледі жұрт Қабдешті
Алғашқыда сыншылар:
«Ақындығы бар!» – десті.
Содан кейін: «Бір сынар
Батылдығы бар!» – десті.
«Қабілеті – керемет,
қарасөзге, не керек,
Жақындығы бар!» – десті.
Құлақ асып дабырға,
Жанрдан соң жанрға
Қабдеш солай сан көшті...
Ауыл қайда, ел қайда,
биік-биік бел қайда?
«Соңғы көшің» әйтеуір,
соңғы көшу болғай да.
«Неге олай?» – деп сұрама,
Тұр ғой күтіп драма…
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі