Бұл бетте «Менде не бар?» атты Оралбекова Дильназ Дауренқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Туған жер бар,
Қазынасы сарқылмас.
Табиғаты,сұлулығы,
Жәй суретке салынбас.
Туған тіл бар,
Бабалардан дарыған.
Осы тіл ғой,
Көп жерлерге танылған.
Отбасым бар,
Бар байлығым өмірде.
Баса алмас,
Ештеңе де,еш нәрсе.
Туыстарым,
Отбасымнан кейінгі,
Байлығым ғой,
Олар менің екінші.
Достарым бар,
Алға сүйрер әркезде,
Көмектесер,
Әр минутта,әр сәтте.
Осылар бар,
Тастамайтын ешқашан.
Барлығына,барлық затқа,
Шүкір етем әрқашан.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі