Сыбырлақ пен жыбырлақ – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Сыбырлақ пен жыбырлақ» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4912
— Шешей-ау, шешей,
Берірек келсей!
— Не боп қапты, Есей!?
— Сұмдық есіттім, шешей!
— Тыңда:
Ертеңнен бастап мұнда,
Сатылмайды екен дым да...
— Қайда?
— Магазинде!
Жаңа өзім де,
Бір кило май алып ем,
Сезіктеніп қалып ем,
Қарамайды - ау тіпті,
Ойлаған жерден шықты.
— Жолдас дүкенші,
Құлағыңды әкелші.
Күрішің бар ма?
— Жоқ!
— Онда маған шикі сөк,
Он бес кесек сабын,
Жейтін не бар тағы ?
Ең арғысы колбаса да,
Онша қажет болмаса да,
Оны да әлгі алып жатыр,
Таразыға салып жатыр.
Күн өтті, түн өтті,
Дүкен есігін күзетті.
Шешей Есейге жолықты,
Есей Көше жолықты,
— Ойбай-ау, шешей - ау,
Кешегінің бәрі
Өтірік болыпты.
Көздері қыли,
Бір-біріне қарап жымиды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыбырлақ пен жыбырлақ өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Сыбырлақ пен жыбырлақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыбырлақ пен жыбырлақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыбырлақ пен жыбырлақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері