Апама тілек – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Апама тілек» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Апа сіз бізге қымбатсыз,
Әлі ұзақ жерде жүргейсіз!
Жалғанда мынау уайымсыз,
Бақытты өмір сүргейсіз!

Өзіңнен алып көп тәлім,
Үлгілі бала боламыз!
Тәлімгер ата-әженің -
Текті ұрпағы боп қаламыз!

Бұйыртса талай биікте,
Жарқырап шоқтай жанамыз!
Ұстаздар құрған әулеттің,
Қазығын терең қағамыз!

Тек сіз аман болыңыз,
Көретін біздің қызықты.
Мейірімді, сұлу, апатай,
Жақсы көреміз біз сізді!

Жазылып әлі-ақ шапқылап,
Әлемді түгел шарлаңыз!
Ұшақтан түспей зуылдап,
Қыдырудан талмаңыз!

Меккеге барып жыл сайын,
Балиде суға түсіңіз.
Итальядан киім ап,
Парижде түскі ас ішіңіз!

Екі өмірде мұңсыз боп,
Шын бақытты сезіңіз.
Уайым-қайғы артта қап,
Бақытты өмір сүріңіз!

Гүлмекен Қасенбай
08.04.2025


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар