Сыныққа сылтау

Бұл бетте «Сыныққа сылтау» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4407
Жүгіре жұлқынып тауық келді,
Қуанғаннан шауып келді.
Не болды — деді қаз жайлап,
Сұрауға ұялды қазбалап.
— Мен бәйге алатын болыппын,
Жаңа ғана бастыққа жолықтым.
— Ау, шаштаразым, жарайсың!
— Несіне таңырқап,
несіне қарайсың?
— Қалай, сен көзге іліндің,
Бүкіл облысқа біліндің?
— Құлағыңды тос, достым,
— Ал, тостым.
— Тоссаң... әңгіме мынада,
Бастықтың шашын алдым анада,
Массаж жасадым, уқаладым,
Одеколонның иістісімен духаладым,
Сипадым, сыладым,
Әйтеуір бастыққа ұнадым, —
Деді де тауық тұра жөнелді,
Айтып бара жатыр өлеңді.
Қаз жайлап күліп қойды,
Бар "құпияны " біліп қойды.
Өзінің мықтап сынағаны бар.
Сыныққа сылтау тапқан екен,
Бәйгеден мені қаққан екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыныққа сылтау өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Сыныққа сылтау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыныққа сылтау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыныққа сылтау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері