Көкшедегі кездесу

Бұл бетте «Көкшедегі кездесу» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көкшетау қарсы алғанда ән-күйменен,
Пәк сезім қандай ғажап жан билеген?!
Туған жер сый-құрметін көріп қайттым,
Анамдай ақ бесікте әлдилеген.
Қарсы алды інілерім, ағаларым,
Әр әннен есті құштар самал-ағын.
Аққудай қарындастар «Гәккулетсе»,
Қыз-шабыт жан талабын жаңаладым.
Күрсінткен өмір жүгі, қайда қалдың,
Сол кеште ойраны көп ойға қандым.
Желбіреп аппақ шашым жыр оқысам,
Қайтадан қайрат-жігер қайрап алдым.
Інілер әнімді айтса гитарлатып,
Домбыра бұлт аунатты ырғай шалқып.
Оркестр сексен көлді мың толқытса,
Бой жаздым сағынышты бір тарқатып.
Қалқаның болып жүрген көркі қайғы,
Иран сал шырқап салды «Бөркің-айды».
Толқыса «Ақ тырналар», «Аққу жеткен»,
Шыбын жан қалай ғана толқымайды?!
Кездестім бірге оқыған дос-жаранмен,
Сахнадан жыр арнадым, оспақ әнмен.
Бетінен Зейнікештің бір сүйгенде,
Балқыдым бал тосқандай тостағанмен.
Ашылса мектептестің кең жүрегі,
Көрінді тіл қатысқан ем тілегі.
Жанары қимай қарап жарқ еткенде,
Мен түгіл, бәйбішем де елжіреді.
Құттықтап жыр төгілткен талабымды,
Нығметжан татымды сөз таба білді.
Мың рет шақырсаң да қайтып келмес
Еріксіз елестетті бала күнді.
Туған ел, сен шақырсаң самғап жеттім,
Бір кеші сан жылға азық, ардақты еттің.
Қайтадан көріскенше күн жақсы деп,
Мың алғыс бәріңізге арнап кеттім.

07.06.2000.
Көкшетау


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкшедегі кездесу өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Көкшедегі кездесу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкшедегі кездесу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкшедегі кездесу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар