Не керек?

Бұл бетте «Не керек?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1027
Жоқ кезiмде бермей
Бар кезiмде бергенiң
Не керек?
Тар кезiмде көрмей
Нар кезiмде көргенiң
Не керек?
Не керек?
Жыртылған қайықтай
Тозғанымда
Демемей,
Кемедей озғанымда
Демегенiң не керек?
Қайырылған шегедей
Болғанымда
Жебемей,
Жебедей атылғанымда
Жебегенiң не керек?
Не керек?
Бар кезiмде сұрамай
Жоқ кезiмде
Өтiнiп сұрағаның
Не керек?
Тiрiмде жерге тығып,
Өлгенiмде
Өкiрiп жылағаның
Не керек?
Не керек?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не керек? өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Не керек? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не керек? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не керек? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері