Музаға

Бұл бетте «Музаға» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1474
(аударма)

Сазыңмен сенің зарлы, үстем
келгендей ажал,
батып күн,
үні бар және қарғыс пен
күйреген бейуақ бақыттың.
Бар ма екен, сірә, күш сендей,
алдында әлсіз бар халық.
Жұмақтан жерге түскендей
періштелер де арбалып.
Мазақтап өзің сенімді
күлгенде,
сенің көгіңнен
сұғылт бір сәуле төгілді
бір кезде маған көрінген.
Қайдансың өзің, сырласым,
келдің-ау көктен тегі шын.
Жұрт үшін - ғажап музасың,
азапсың бірақ мен үшін.
Таң ата күшім сарқылып,
қалжырап біткен шағымда,
сәулеңе сенің талпынып,
қалыппын өлмей - бағым ба?
Жау болсақ деп ем жоламай,
сыйладың неге - өлтірдің –
түнгі аспан, гүлді көгорай –
қарғысын ғажап көркіңнің?
Аймалап бір сәт, жоғалдың
шараптан бетер мас қылып,
бұлбұлдай ұштың - солармын -
іздеймін көзге жас тұнып.
Еркімді ол билеп сенделгем,
досты да кейде дұшпан ғып,
жүрекке тірлік, дем берген
жусандай ащы құштарлық!

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Музаға өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Музаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Музаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Музаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері