Ресторанда – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ресторанда» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1530
(аударма)

Сол бір кеш болды ма өзі,
болмады ма -
білмеймін. Бірақ есте қалар мәңгі:
Таңғы нұр боз аспанды торлады да,
жүдетті көшедегі фонарьларды.
Халық көп. Терезе жақ қатарда мен
отырып саған кездің қырын салам.
Алтынды таңғы аспандай бокалменен
жолдадым қара раушан гүлін саған.
Қарадық. Сенің асқақ жанарыңа
бас идім — мұндай сәтте жасып па едім!
Жігітке жаныңдағы:
«Қара мына
біреу де маған ессіз ғашық!»—дедің.
Ашулы жанарыңнан жарқыл көрем,
Музыка бұзды ұйқысын тымық таңның.
Бірақ сен сол жек көрген қалпыңменен,
көркіңмен жүрегімде тұрып қалдың.
Дір етіп балапандай,
тұрдың-дағы
жігітпен биге шықтың - көр дегенің.
Сарнаса музыканың мұңды ырғағы,
сыбдырлап шәй көйлегің дөңгеледің.
Отырдым баурағандай бір күй мені,
Мен жаққа қарағаның қатал-ақ тым.
Шолпылы цыган әйел би биледі,
әндетті таңы атты деп махаббаттың.

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ресторанда өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ресторанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ресторанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ресторанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері