Қатыгез

Бұл бетте «Қатыгез» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 747
Қарап тұр әлемге –
Көзi қанталап,
Адам бiткендi –
Бұтын бұт,
Қолын қол етiп! –
Тастайды
Ағаштай жаңқалап.
Адалды арам аяғымен
Былғап
Кешiп тастады.
Әйелдi аңыратып
Қос емшегiн қылышпен
Кесiп тастады.
Атамның басына тептi.
Уын өзегiме құйды.
Зәрiн өзенiме төктi.
Бомба боп жарылып
Жерiмдi
Қақыратып жыртты.
Ұрпағымды –
Құрсақта! –
Тұншықтырып құртты.
Жерiмнiң үстiне –
Қабағынан! –
Қар жауды.
Елiмнiң үстiне –
Күннiң шапағынан
Өртенiп жатқан бұлттардан –
Қан сауды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қатыгез өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қатыгез өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қатыгез өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қатыгез өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері