Әрі-сәрі шақ

Бұл бетте «Әрі-сәрі шақ» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 688
Ысып,
қайта тоңдық бiз.
Қоя бердiк,
тап берiп.
Әрi-сәрi болдық бiз.
Әрi-сәрi шақ келiп.
Бiтiп амал,
тiрегi,
қуқыл тартып реңi,
олай дедi бiреуi,
былай дедi бiреуi.
Адам ит боп үредi.
Бұл не сұмдық!
Құрысын!
Қасың бетке күледi,
тоң-терiс боп туысың.
Маужырайсың жантайып,
Су боп кеткен қаныңыз.
Шал боп бала қартайып,
бала болған шалыңыз.
Әңгiменi азайтып
Әрi-сәрi күлемiз.
Әрi-сәрi сөз айтып,
әрi-сәрi жүремiз.
Тұрып қайта,
құлаймыз,
қалғандаймыз ұйысып.
Әрi-сәрi жылаймыз,
Әрi-сәрi сүйiсiп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әрі-сәрі шақ өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Әрі-сәрі шақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әрі-сәрі шақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әрі-сәрі шақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері