Дағдарыс – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Дағдарыс» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 911
Мен қазiр –
Қабарып батып отырмын! –
Мұң мен қапаға.
Ақылым – айран,
Миым – атала.
Үмiтiм –
Шiрiген жiп құсап! –
Бырт-бырт үзiлiп жатыр.
Ойларым
Ойран болып –
Бомба түскен үйлердей
Бұзылып жатыр.
Тауды басып жатқан
Қара бұлттарға
Көмiлiп қалғандаймын.
Пойыздың астына түсiп,
Кiндiк тұсымнан кесiлiп
Бөлiнiп қалғандаймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дағдарыс өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Дағдарыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дағдарыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дағдарыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері