Бақсы

Бұл бетте «Бақсы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 766
Елiм тектi едi.
Бiрақ
Орнынан тұра алмайтын
Дерттi едi...
Көзi шоқтай қанталап,
Айналасын
Азан да қазан етiп,
Жын мен перiсiн шулатып
Дабыл мен қобызын арқалап, –
Қалшылдап құтырған,
Оттың үстiнен секiрген,
Өгiздей өкiрген,
Бұлтпен көшiп,
Желге мiнген
Жалба-жұлба бақсы жетiп келдi.
Буырқанған теңiздi
Құмның үстiмен жүргендей
Кешiп келдi.
Шоқ түкiрдi,
От бүркiдi.
Өзiн
Қылышпен тiлiп жiбердi.
Денесiн сығып,
Бүркiттей бүрiп жiбердi.
Дүниедегi
Бүкiл жынын жиды.
Қайнап тұрған суды
Үстiне құйды.
Аусыл бұқадай пысқырды.
Жыландай ысқырды.
Өңешiн жыртып қышқырды.
Жын ұрғандай жылады,
Перi соққандай күлдi.
Бөрiдей ұлыды.
Бөрiбасардай үрдi.
Қып-қызыл қанжар жұтты.
Темiрдi матадай жыртты.
Жауырын қақтырды.
Өзiн өзi
Жерге соқты.
Аспанға лақтырды.
Басын тасқа ұрды.
Шашын
Бытырлатып жұлды.
...Жерiм
Селт етiп қаймықпады.
Елiм дертiнен
Айықпады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақсы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бақсы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақсы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бақсы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері