Өмір күрес! – Нурсултан Надиров

Бұл бетте «Өмір күрес!» атты Нурсултан Надиров жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Өмір күрес ,
Тірінің ,
Шаршы алаңы .
Талай сындар сынақтар ,
Қарсы алады .
Адам байғұс ,
Өмірімен күресумен .
Тағдырына өзіндік ,
Жол салады .

Тіршілікке қадам ,
Басып аттағалы .
Кей адамдар ,
Өмірден бақ табады .
Ал біреудің ,
Өмірде жолы болмай .
Сүрінумен , тым ауыр ,
Соққы алады !

Жақсы болсаң ,
Жаратқан жақ болады .
Қанша күнің ,
Ай мен жылың ,
Артта қалды .
Нәпсісімен , шынайы күрескендер .
Ақыретте тозақтан ,
Сақталады !

Ажыратсаң ей досым ,
Ақ қараны .
Жүрегің де ,
Пәк болып сақталады .
Жанарыңнан отты ,
Нұр сөнген кезде .
Дәл сол сәттен ,
Өміріңмен күресің ,
Тоқталады .
Өмір күрес ,
Тірінің шаршы алаңы !

Авторы : Надиров Н .


Пікірлер (1)

Арман

Жақсы жазады екенсің. Оқылуы жеңіл. Мағынасы да жақсы!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір күрес! өлеңінің авторы кім?

Нурсултан Надиров — осы өлеңнің авторы.

Өмір күрес! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір күрес! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір күрес! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар