Иттердің таласы

Бұл бетте «Иттердің таласы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 663
Алып Қазақстанның
Түкпір-түкпірінен келген
Алпауыт иттер
Үлкен Шаһардың ішінде
Таласуда!
Соларды қарап тұрып
Ақ тер, көк тер боп
Түсесің қара суға !
Иттер таласуда !
Біздің
Алыпсоқ , Бөрібасарларға
Түрлері келгенмен
Үргені мүлде бөтен
Ит біткен қаптап жүр.
Оларды қоңқақ тұмсық,
Қиық көз жат жұрттықтар
Арқаларынан қағып,
Бастарынан сипап баптап жүр.
Талас басталды !
Ортаға щыққан екі төбет
Көздері қып- қызыл боп,
Тістері сақ- сақ етіп
Бір- бірін бас салды.
Қарш-қарш !
Арс-арс !
Тістескен қос төбет –
Сұмдық-ай ! –
Қап-қара құйынға айналып
Құтырып барады.
Мына дүние
Апалаң-топалаң
Сұрапыл шайқасқа
Жұтылып барады.
Біреуі желкеден алып,
Біреуі қасадан қапты.
Қып-қызыл қан
Жоса боп ақты.
Атаңа ғана лағынет –
Мына бір сұр төбет ! –
Жерге қаратты-ау
Дүйім бір елді !
Олай демей не дерсің ! –
Оны әне бір
Күйедей қара төбет
Адырнадан ұшқан
Жебедей атылып кеп
Алқымынан алып
Кеңірдегін қиып жіберді.
Жұрт біткен
Дуылдап кетті.
Дауылды күнгі
Ормандай боп
Шуылдап кетті.
Тағы да
Талас басталды !
Қанқызыл төбет пен
Ақ ала төбет
Бір-бірін бас салды.
Құдай-ау,
Неткен долылық,
Неткен бетпақтық,
Неткен өшпенділік ! –
Қанқызыл төбет
Сұрапыл екен ! –
Әп дегенннен
Ала төбетті
Алмас тырнақтарымен
Төстен бүріп
Болаттай азу тістерімен
Шақыр-р-р еткізіп
Жағын
Айырып тастады.
Сонан соң
Күтір-р-р еткізіп
Мойынын
Қайырып тастады...
Талас
Тағы да басталды.
Тағы да,
Тағы да,
Тағы да ! –
Талай төбеттің
Соры мен бағына...
...Дәл қазір
Алып Қазақстанда
Алпауыт иттер
Жан беріп,
Жан алып таласуда!
Дүние адасуда!
Адасуда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Иттердің таласы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Иттердің таласы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Иттердің таласы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Иттердің таласы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері