Депрессия – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Депрессия» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 931
Бiлiп өмiр жалғанын
өз-өзiнен ашынып, –
Үмiт пенен арманым
Өлiп жатты асылып.
Әуенi мен үнi жоқ,
Өңiм бе бұл, түсiм бе? –
Жүрмiн түн мен күнi жоқ
Күңгiрт әлем iшiнде.
Жақыны өлiп жанымның
Леп тимейдi бетiме...
Алға аттасам
қабiрдiң
жетiп барам шетiне...
Бұл тiрлiкпен жаланған
Мүмкiн емес жанасу.
Көз жасы емес
жанардан
ағады ғой қара су.
Дүние бұл сұп-суық –
пайым да жоқ, парық жоқ.
Кеудем iшi сұп-суық,
көкiректе жарық жоқ.
Қысқаның да бәрi бiр,
Ұшқаның да бәрi бiр,
ұрысқаның да бәрi бiр,
Құшқаның да бәрi бiр.
Төгiп ыстық жасымды
жылай алмаймын егiлiп...
қыңқ демеймiн
басымды
ит жатса да кемiрiп!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Депрессия өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Депрессия өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Депрессия өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Депрессия өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері