Алма бетті жас бала

Бұл бетте «Алма бетті жас бала» атты Қалижан Бекхожин жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 19.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1936
Алтын сәуле шашылып,
Алатаудан күн шыққан.
Алма толған көшеге
Күн шыққанда ол шыққан —
Алма бетті жас бала,
Таң болғандай басқаға,
Алмада емес құмары,
Әлденеге ынтыққан.
Тоқтар емес шашылып,
Алма жатса жолында.
Дәптері мен әліппе —
Ұстағаны қолына.
Кезінде бар қуаныш,
Қандай қызық туған іс,—
Алма бетті жас бала
Таң болғандай басқаға
Қайда, неге ынтыққан?
Жасыл көше бойында
Аппақ үй тұр заңғардай.
Сол бір үйге сәулетті,
Кім өтеді таң қалмай.
«Іші толған нұр дейді,
Жүр, бөбегім, жүр» дейді.
Естіп соны жас бала,
Таң болғандай басқаға,
Өзінше зор үмітті,
Сол бір үйге кіруге
Бөбек неге ынтықты?
Үйге кіріп қараса,
Мәз - мереке, тамаша,
Өңшең өндір жас ұлан,
Гүлдеріндей көктемнің.
Қуанышы тасыған,—
Көріп бүгін мектебін
Алдарында әліппе,
Төнген бәрі әріпке.
Ортасында бұлардың
Күн сипатты мұғалім.
Алма бетті жас бала,
Таң болғандай басқаға,
Алдына алып әліппе,
Қарай қалса.әріпке,
Әрбіреуі жайнап тұр,
Жарқыраған жұлдыздай.
Ойын тартып барады
Ойнақтатып тұрғызбай.
Бұл не деген керемет?
Күндегі ойын қызықтан,
Артық көріп сол бала,
Оқуға тым қызыққан.
Оқы бала, оқи бер,
Әріптердің сыры бар.
Білсең соны, алдыңа
Әлем сыры сызылар.
Жымың қағып жыр айтар,
Саған қарап жұлдыздар.
Күміс шашып теңіздер,
Толқын дабыл ұрғызар.
Жұмбақ болған жұмыр жер,
Жаңалығын туғызар.
Алма бетті жас бала,
Таң боларсың басқаға,
Саған бәрі қызығар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алма бетті жас бала өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Алма бетті жас бала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алма бетті жас бала өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Алма бетті жас бала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері