Дауыл – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Дауыл» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3592
Тұңғиық түпсіз теңізді жауып,
Соғады дауыл, бұлт бұйраланып.
Атады быж-быж қайнап көбігін,
Толқынды толқын үйіріп қағып.
Жартасты айналып от таспадай
Мұңды найзағай жыландай иірілген,
Шатырлайды дүлей, алқымдайды үрей,
Көтерем бәрін иығыммен.
Тұрмын қасқарып, жалт берер жасқанып
Жер үстінің сұрапыл сойқанынан
Алданып өмірге көзінен жас тамып,
Тосқауылда торығып, тойтарылған.
Онсыз да шырмады өсек-лақап,
Мен сорлыны ажалға тақап,
Жап – жалаңаш шаншылған жартас едім
Сен болдың ба жалмайтын жалынапат?
Жоқ! Ұша бер, найзағай жарқыраған,
Тас төбемнен соқ, дауыл арқырағаны;
Көзім жоқ сұрқым қашып үрейленіп,
Аласатта абыржып қалтыраған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауыл өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Дауыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері