Бақытты біздің балалық – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Бақытты біздің балалық» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3745
Октябрьде өмірге
Жаңадан тың жол алып;
Алғыс айтып Ленинге
Адымдады балалық.
Саусағын жайған сәбиге
Ильичтің нұры құйылды.
Балалық — көктем әр үйде
Балапан құстай жүгірді.
Бауырында ананың
Білмей есті қайғыны.
Құшағында Дананың
Балалық тұрды май күні.
Советтік ұлы заманда
Балалық гүлдей құлпырды.
Күлімдеп Қызыл алаңда
Биыл да бізбен бір тұрды.
Жайнап нұры жүзінде
Бал өмірлі — бала шақ;
Барады коммунизмге,
Бақытты біздің болашақ.
1953


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақытты біздің балалық өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бақытты біздің балалық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақытты біздің балалық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бақытты біздің балалық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері