Жаңа жыл – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жаңа жыл» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1044
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл, достар, дайындал!
Қайдасың, қыздар,
Дастарқан әкел, жайындар!
Фонтандай шампан
Атқысын кәне, ашыңдар!
Ән менен күйді
Шалқыта шашу шашыңдар!
Жаңа жыл, достар,
Үзілмес мәңгі жақсы үміт.
Тілектер игі,
Болашақ атты жақсылық.
Сол үшін оған
Айқара құшақ ашайық!
Құрметке оны
Бөлейік, жырға қосайық!
Жаңа жыл, достар,
Алдағы игі жұмыстар!
Асулар асар,
Белестер шығып тыныстар.
Жаңа жыл – бөбек
Күн сайын түлей беретін.
Жаңа жыл – көктем
Жаңарып қайта келетін.
Сол үшін оған
Айқара құшақ ашайық!
Құрметке оны
Бөлейік, жырға қосайық!
Жаңа жыл, достар,
Өмірдің жаңа парағы.
Сонардай сайрап
Ізіміз сонда қалады.
Әлемде адам
Сол ізбен жүрер қиырға,
Жылымыз достар,
Жемісті болсын биыл да!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңа жыл өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жаңа жыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңа жыл өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаңа жыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері