Күдік – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Күдік» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 609
Жастықта аяқты сирек қой жүру тең басып,
Кетесің кейде аттап, алға асып,
Қаласың кейіндеп кем басып,
Бұралаң бұрысты өмірдің езі боп
Жатады қадамдар әр тұстан тоғысып, жалғасып.
Апайтөс батырдай кеудені желге ашып,
Аршынды жүйріктей жараған тақ асып,
Өмірге бөбектей тым аңқау қарасып...
Жатқан бір кең жайлау жомарттық,
дарқандық –
Жастыққа бәрі де тұрады жарасып.
Шағында марқайған, жантайған,
Тап болып әр пәле әр қайдан...
Көк дөнен көңілдің тізгінін уыстап,
Төмпешік төбе боп көрініп,
Орала береді ойыңа «әй, қайдам!»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күдік өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Күдік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күдік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күдік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері