Бұл бетте «Жеңіс пе бұл?» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жеңіс пе бұл? Жоқ әлде жеңіліс пе?
Сен сүйдіре алмайсың мені күштеп...
Шұғынықтай құлпырып шыға келсем,
Шықпай қалар құмығып демің іштен.
Мен – зәмзәммін көңілден көңіл ішкен,
Бола алмайды Сезімнен Өмір үстем.
Барлық бақыт жеңісте деп ойласаң,
Ләззат алуды үйренем жеңілістен.
Бір шық жерге құласа мөлдіреген,
Хабар айта көрмеңіз: «Өлді!» деген.
Жеңілісім жеңіс ол... желбіреген...
Хат та күт пе, хабар да енді менен...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі