Осылай да адам сағынады екен – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Осылай да адам сағынады екен» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 3
  • 17468
Осылай да адам сағынады екен,
Сағынады екен, Тәңірім!
Жылауға себеп табылады екен
Жүрекке жүрмей әмірің.
Мүмкін екен ғой құлай сүюің
Құлай сүюің абайсыз.
Жүректің Сізді бұлай сүюін
Байқамай жүрсіз, қалай Сіз?
Көңілде неге тұрып алдыңыз
Тұрып алдыңыз мызғымай?
Хатыма, бәлкім, күліп алдыңыз
Күлмейтін шығар Күз бұлай.
Тағдырым осы - шатпақтап шығар
Сөйлесе іште бір өкпе.
Атың аталса атқақтап шығар
Не болған мына жүрекке?
Жынданып адам кетеді екен ғой,
Жұтып алғандай жасынды.
Қас қағым бір сәт жетеді екен ғой,
Жоғалту үшін басыңды.


Пікірлер (3)

Тоқтамыс

Жазарың таусылмасын, Танакөз Толқынқызы

Алма

Жүректің құлай сүюін соншалықты әдемі жеткізген екен

Мадина

Танакөз Толқынқызының «Осылай да адам сағынады екен» өлеңін оқып, сағыныш деген сезімнің тереңіне бойладым. Өлеңнің атының өзінен-ақ үлкен бір мұң мен әсер есіп тұр. Сағыныш – адам баласына тән ең күшті сезімдердің бірі.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері