Тайқазан тағдыры – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Тайқазан тағдыры» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 878
Күш кімде болса,
Шындық сонда.
Әмір Темір

Тағдырдың көтермедік қай мазағын
Жарасы жазылды ауыр қай қазанын.
Түзеліп өресіне жеткен не бар
Орнына оралғанмен Тайқазаның.
Ұмыт па ақ табанды шұбырынды
Билеп пе ең өзің тізгін, шылбырыңды
Ұмыт па отызыншы жылдар сонау.
Үзіп пе ең аяқтағы шынжырыңды?
Ұмыттың ба аз боп шеккен азарыңды?
Тұрсың ба билеп өзің базарыңды?
Сестеніп «Мен!», «Менікі!» дей алмаған
Кім білмей тұр басында наза, мұңды?
Халқыма ризық болған ырыс көзі
Ортайып, оты сөніп тұрған кезі
Болмаған Тайқазаным қолын жәйіп,
Бұл күнде құшыр жинап тұрыпты өзі.
Өмірде ақшадан бұл харам бар ма!
Өтеді кезіп алуан адамдарға.
Аралап қойны-қоншы саудагердің
Кеп түседі Тайқазанға амал бар ма!
Бұл күнде ақша деген ең құзырлы,
Ақшаны патша қойып ел бұзылды.
Киелі Тайқазанға қол жайғызып,
Ақтады келімсегің дәм-тұзыңды.
Мекендеп Иассауидың кең мазарын
Аударған Тайқазаным ел назарын.
Киеңнен қорқа аттар табалдырығың,
Тазасы едің-ау сен ең тазаның.
Бұл күнде тахыт-ақша, бақыт-ақша.
Болады ер қадірлі ақша тапса.
Азамат иманжүзді жанның қоры
Егерде ақша бақпай, арын бақса.
Тағдырдың көтермедік қай мазағын.
Жарасы жазылды ауыр қай қазаның
Жазғырам кімді... Шүлен болып келген
Қол жайды қайыр сұрап Тайқазаның.
Болдық па мұны дағы ірі іс дер?
Болдық па мұны да әлде құбылыс дер
Қазанға тиын тастап, қабірді аттап
Шығады күмбезіне ібілістер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тайқазан тағдыры өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Тайқазан тағдыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тайқазан тағдыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тайқазан тағдыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері