Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Он кісінің атын айт

Бұл бетте «Он кісінің атын айт» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тездетіп адымда,
Жүрейін жаныңда.
Бір есім
Əр адым
Айтсаң сен жарадың.
Қанеки, адымда,
Қайталап жаңылма!
Міне, бір аттадың,
Қандай ат тапқаның?
Жылдам айт, «Марат» де,
Тағы аттап, «Жанат» де,
Тағы атта, «Қанат» де,
Тағы атта, «Самат» де.
Төрт рет аттадың –
Төрт есім тапқаның –
Бес рет аттадың –
Бес есім тапқаның.
Қайталап жаңылма,
Сақтай біл жадыңда.
Жаңылсаң ойыңнан,
Шығасың ойыннан.

Жаңылма!
Жаңылма!
Тағы бес адымда!
Барлығын санадым,
Он есім –
Он адым.
Жарадың!
Жарадың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Он кісінің атын айт өлеңінің авторы кім?

Серікбай Оспанов — осы өлеңнің авторы.

Он кісінің атын айт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Он кісінің атын айт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серікбай Оспанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Он кісінің атын айт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері