Сүйемін сұлу көктемді – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сүйемін сұлу көктемді» атты Абдрахман Асылбек жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2129
Сүйемін сұлу көктемді
Қайталап дәйім келетін.
Сүйемін бастан өткенді
Түсіме ғана енетін.
Көктем бір көркем жасыл бақ,
Аралап әнге салатын.
Ол-дағы көктем жастық шақ,
Қиялым менен қанатым.
Қысқа еді неткен жастық шақ?
Барады өтіп бала күн.
Азырақ бөгел, аш құшақ,
Еншім көп әлі алатын.
«Қайдасың, жастық, қайдалап»,
Шарқ ұрар менің көңілім.
Көктемдей болып қайталап,
Тұрса екен мәңгі өмірім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйемін сұлу көктемді өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сүйемін сұлу көктемді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйемін сұлу көктемді өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сүйемін сұлу көктемді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері