Мейрамхана – «Ажар ана» – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мейрамхана – «Ажар ана»» атты Абдрахман Асылбек жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2250
Салтанатты, сәулетті, сайран қала,
«Ажар ана» алдыңда – мейрамхана.
Жауын алар көзіңнің түрлі тағам,
Алдыңа кең дастарқан жайған жаңа.
Қысылма да қымсынба, қара, таңда:
Қой еті ме, балық па, балапан ба?
Айдай сұлу даяшы алып келер,
Айтқаныңды аялап алақанда.

Қайырмасы:
Мейрамхана –
Сайранхана.
«Ажарым-ай»,
Базарым-ай.
Елдің тартқан назарың-ай.
Күнде қызық,
Күнде думан,
Салтанатты ғажабын-ай.
«Ажарым-ай,
Наз әнім-ай.
Айналайын қазағым-ай,
Тарқамасын базарың-ай!

Келесің мұнда келсең сыйласыңмен,
Не сүйікті сәулешің – қимасыңмен.
Көңіліңді көтеріп қадірлесің,
Сезіміңді сергітер сыйға-сыймен.
Үйлену ме, мерейтой, туған күн бе?
Таң-тамаша қызықты қуған күн бе?
Өтіп жатыр бәрі де кезегімен,
Тарқамайды бұл жерде думан мүлде.

Қайырмасы.

Алға тартып арманын асқақ өнер,
Қарт та келер бұл жерге, жас та келер.
Тамашасы қазақтың таусылған ба?
Әндер шалқып, би балқып, баққа бөлер.
Қыз-жігіттер алдыңда шыр айналып,
Кең дүние көрінер шырайланып.
Көл-көсір боп көсіліп отырасың,
Күйкі тірлік, бас қамы былай қалып...

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мейрамхана – «Ажар ана» өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мейрамхана – «Ажар ана» өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мейрамхана – «Ажар ана» өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мейрамхана – «Ажар ана» өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері