Қара теңізге – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қара теңізге» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.08.2021
  • 0
  • 0
  • 634
Жасымнан жағаңда жүгіріп,
Малта тас түрлерін жимадым.
Әйтсе де ынтық ем, сезгендей,
Самалды саяңды сыйладың.
Көк торғын толқынға орадың
Бесікте бөбекше тербетіп,
Секірсем жарыңнан жалтармай,
Аяңа алдың сен мөлт етіп.
Сәскеде күн сүйген толқының,
Жақұт тас тәрізді жалтылдап,
Алқа боп тағылып мойныма,
Тастады ақ жүзімді алтындап.
Бейне бір айдынның еркесі,
Алаңсыз ақ көңіл ақ шабақ
Тәрізді
тұнығында ойнадым,
Толассыз толқынды таспалап.
Егізі Каспийдің есен бол,
Дегенше қайта кеп: «Армысың!»
Жазылған жағаңда осынау
Жолдарым – сыйға сый, алғысым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара теңізге өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қара теңізге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара теңізге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара теңізге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері