Наз – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Наз» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 578
Мен сені мынау тұрған
Тау сынды асқар деп ем.
Жанымды соның заңғар
Шынына бастар деп ем. 
Мен сені мынау жатқан
Көлдейін шалқар деп ем.
Көңіліңді күн шуағы
Жаныңды дарқан деп ем.
Асқардың ақ төсіңде
Сен деп ем ақ қаршыға.
Ақынның жыры жаққан
Жүрегінде от бар шығар.
О, достым, мен өзіңнен
Бұдан да көп күткен ем.
Аяғын өлеңімнің
Бітірем көп нүктемен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Наз өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Наз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Наз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Наз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері