Еркек – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Еркек» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 934
Онымен толы ортаймас, азын толмас,
Болса да жұртта қалмас, көптен озбас
Санаға сіңіп қалған ұғымдар бар,
Өмірде келе жатқан тауып жалғас.
Мәселен ер азамат, еркек делік,
Мәнісі дараланар көрсек теріп.
Иесі шаңырақтың отағасы –
Есіммен тұрар ұя өрнектеліп.
Еркекке көрсетілер таудай сенім,
Еркегі жоқ үйде орны болсын ненің..
Сай болып төрт құбыла тұрсын мейлі
Молайтар еркек жоғы үйдің кемін.
Еркексіз үй жарлының үйі сынды,
«Ас ішті қайдан,
атты қайдан мінді»
Дегендей, әр қадамы сынға түсіп,
Ұқсатым, талап, еңбек күдік ілді.
Бар болса аты еркек тымақ киген
Жоқ мейлі тауқыметі жаны күйген,
Аталып есімімен малы-жаның
Ұлтыңды белгілеу де соған тиген.
Айтпайын баға беріп, тізіп-теріп,
Жамылған еркек атын жүр ғой өріп...
Өмірде сәйкессіздік – аққан өзен,
Бұл дағы құяды да соған келіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еркек өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Еркек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еркек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еркек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері