Обсерваторияда
Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.
Қара жердi дедi ме әлде кең етем,
тұрған орны биiк екен, өр екен,
Жұлдыз күлiп,
жұлдыз сөйлеп жататын
аспан мұнда қол созым-ақ жер екен.
Сиқырлықтан кетердеймiн күйреп бiр!
Шоршып ойнап жанарымды түйреп бiр –
жұдырықтай,
жұдырықтай жұлдыздар
тап алдымда асыр салып билеп тұр.
Оларға ендi түрткен аспан түнегiн,
созсам егер жетердей-ақ бiлегiм, –
алайын ба темекiмдi тұтатып
үзейiн де шоқ жұлдыздың бiреуiн...
Келер басқа сансыз қиял не түрлi
төсесең-ақ телескопка бетiңдi,
үн шығармай ағып жатқан жұлдыздар,
дәл жаныма түсiп жатқан секiлдi.
Күнә мұнда пенделiктi ойлауың!
Қарашы, сен,
түнгi аспанның қайнауын!
Дәл осы сәт
табанымда – қара жер,
тап алдымда – жұлдыздардың жайлауы.
Алайын деп қуат құйып күшiме,
алайын деп жарық құйып i сiме,
бiр-ақ аттап кiрейiн бе аспанға,
кетейiн бе жұлдыздардың iшiне!
-
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі