Даладағы ой

Бұл бетте «Даладағы ой» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 535
Құтылып күйбең тiрлiк, сан ойлардан,
тартасың қайдасың деп арай далам.
Машина екпiнiнен
жан бiткендей
кетедi дөңгеленiп бар айналаң.
Көзiңе құйған ащы терге көнiп,
кiресiң сордан өтiп, шөлге келiп.
Қапталда қалып жатыр шыр айналған
төбелер дөңгеленiп,
дөңгеленiп.
Туатын тентек бұрқақ күй iшiнде,
жусан мен дала иiсi бiр иiсiнде.
Шомылып сәуле менен самал желге
тұрады дөңгеленiп киiз үй де.
Салынған дөңгеленiп қамалдар да,
жатады дөңгеленiп алаңдар да.
Тұрады дөңгеленiп Күн мен Ай да,
пiседi дөңгеленiп таба нан да.
Жапанды кезiп кеткен кездерiңде
көкжиек дөңгеленер көздерiңде...
Жарықтық кең даламның үстiнде бұл
шығады дөңгеленiп сөздерiң де.
Кеудесiн ашып тастап жел, сағымға,
кең далам толып пiскен дер шағында.
lшiнде кеңiстiктiң мұнарланып
барады дөңгеленiп Жер шарым да.
Ағасың дала үстiнде шөлге көнiп,
құйынын үйiредi жел де келiп...
О баста
бұрыш,
мүйiс,
бұрылыссыз
дүние жаралған-ау дөңгеленiп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Даладағы ой өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Даладағы ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Даладағы ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Даладағы ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері