Тыңдашы қазақ қарындас!
Жүргеніңмен бір сәттік қызық құрып
Нәпсіңнің бар есігін бұзып кіріп
Жалғандағы жасаған бар күнәңнің
Білмейсің ау санайтынын тізіп тұрып
Бақытты өмір аңсайсың,орындалмас
Тағдыр жібін қолыңмен үзіп тұрып
Саналы ес болмаса бәрі бекер
Бәрін айта алмаспыз біз ұктырып
Мұнша неге түсірдің арыңа сын
Кедергі өзің емес пе бағыңа шын
Қос алмаңды көрсетіп бүкіл елге
Есеюдің түсінбепсің мағынасын
Мастығыңмен білінбей өте шыққан
Жас күніңді әлі ертең сағынасың
Шалыс басқан бір ғана қадам үшін
Ұрпағыңа күйе боп жағыласың
Өткеніңнің елесі есіңді алып
Тау тасқа да басыңды сан ұрасың
Ел алдында қу басын тік көтеріп
Жүрмейтіндер қатарынан табыласың
Билік жүрмес нәпсіге ой тарылғасын
Сезім билеп санаңнан арылғасын
Шүберектей қаласын ешкім кимес
Этикеткаң бир рет алынғасын
Тыңдашы!
Ақыл жолдан жаңылмасын...
Сезіміңнен болсыншы арың басым
Болашағың бір шешімге байланысты
Қателеспе,өтінемін қарындасым...
P.S Тағдырыңның бұл емес сыналғаны
Лайламаңдар тұп-тұнық тың арнаны
Ақ арыңды сақташы Қазақ қызы
Орындалсын анаңның ұлы арманы...
(С) Абзал Алтый
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі