Жиделібайсын жетіңіз – Бұқар жырау

Бұл бетте «Жиделібайсын жетіңіз» атты Бұқар жырау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.11.2015
  • 0
  • 1
  • 10523
Абылай ханның қасында
Бұқарекең жырлайды.
Жырлағанда не дейді?
Соғыспа деп жырлайды
Бұқарекең деген кәріңіз,
Соғыссаң, кетер сәніңіз.
Бізден бұрын өтіпті
Әзіретті Әлі шеріңіз.
Жаулық жолын сүймеңіз,
Мынау жалған сұм дүние
Өтпей қалмас демеңіз,
Мұсылман болсаң, кетіңіз,
Сырдарияның суынан
Көлденең кесіп өтіңіз.
Үш жыл малды ту сақтап,
Жиделібайсын жетіңіз.
Шұрайлы жердің ұйығы -
Адамы жүзге жетпей өлмеген,
Малы екі рет төлдеген,
Қатын, бала қамы үшін
Солай таман кетіңіз.
Менің жасым тоқсан үш,
Мұнан да былай сөйлеуім
Маған болар ауыр күш.
Өлетұғын тай үшін,
Қалатұғын сай үшін
Қылмаңдар жанжал, ерегес.
Бұ қылықты қоймасаң,
Құдайдың бергеніне тоймасаң,
Егер тілімді алмасаң,
Көрерсің сонан тепіріш.


Пікірлер (1)

жақсылықова Арина

жақсыыы рахмеет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиделібайсын жетіңіз өлеңінің авторы кім?

Бұқар жырау — осы өлеңнің авторы.

Жиделібайсын жетіңіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жиделібайсын жетіңіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бұқар жырау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жиделібайсын жетіңіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері